Тұрақты даму мақсаттары бойынша халықаралық кездесу

04.05.2023

Көрулер: 612

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Менеджмент кафедрасы Халықтар достығы РесейУниверситетінің (РФ, Мәскеу к.) Экономикалық-математикалық модельдеу (ЭММ) кафедрасымен бірлесіп студенттер және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен қатысуымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша халықаралық кездесу өткізді. Дискуссияспикерлері ретінде ЭММ кафедрасының меңгерушісі Балашова Светлана Алексеевна «Мүмкіндіктер теңсіздігі тұрақты дамуға кедергі ретінде» деген тақырыбындағы және ЭММ кафедрасының э.ғ.к., доцент Гомонов Константин Геннадьевич «Айналмалы экономиканың даму деңгейін талдау (Еуропалық Одақ елдерінің мысалында)» тақырыбындағы баяндамаларжасады.

Спикерлердің сөйлеген сөзінде айтылған мүмкіндіктер теңсіздігі, сондай-ақ айналмалы экономика тұжырымдамасы арқылы тұрақты даму мәселесі барша тыңдаушылар арасында шынайы қызығушылық тудырды.

Сондай-ақ екі кафедра меңгерушісі – э.ғ.д., ҚазҰУ Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Тұрғынбаева А.Н. және Балашова С.А. - оқу үдерісіндегі болашақ ынтымақтастықтың келешегі, атап айтқанда, «Халықаралық жобаларды басқару» бағыты бойынша қазіргі бірлескен қос дипломдық бағдарламаны жетілдіру, екі университет ғалымдарының ғылыми коллаборациясы және университеттердің басқа да академиялық іс-шаралары талқыланды.