«Qazaq universiteti» газетіндегі профессор Айжаз Шейхтың мақаласы

02.05.2023

Көрулер: 551

«Qazaq universiteti» газетінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі 15-ші санында профессор Айжаз Шейхтың ««Discovering New HorizonsA Visit to Kazakhstan for Research and Teaching» атты мақаласы жарияланды. Мақалада профессор Айжаз Шейх Қазақстандағы тәжірибесімен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастық туралы ойларымен бөліседі. Менеджмент кафедрасының шақыруымен келген Йивәскіля университетінің Бизнес және экономика мектебіның профессоры Айжаз Шейх (Финляндияhttps://www.jyu.fi/fi  @uniofjyvaskyla) бірінші семестрде «Understanding the digital business and digital economy forsustainable growth in Kazakhstan» тақырыбында бірнеше лекциялар оқып, семинарлар өткізді. Сонымен қатарЭкономика және бизнес жоғары мектебінің магистранттарына, докторанттарына және оқытушы-профессорлық қызметкерлеріне рейтингтік журналдарда жариялау белсенділігін арттыруына арналған оқу шеберліксабақтарын өткізіп, кеңестер берды.

Сәуір айында профессор Айжаз Шейх офлайн режимде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында «Жаһандық өзгерістер контекстіндегі тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады.

Мақаланың соңында профессор Айжаз Шейх сапары кезінде оған көрсеткен қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, университет тек Қазақстан Республикасында ғана емес, халықаралық кеңістікте де жоғары білім берудің көшбасшысы екенін (QS-150),университет қызметкерлерінің жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтедіОл мақалада ұстаздардың кәсіби деңгейі мен іскерлігінің жоғарылығы және дарынды студенттер туралы жазады.