“6В04103 – Экономика” мамандығының 3 курс студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары

21-сәу-23

Көрулер: 746

 

09 сәуір мен 14 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6В04102 – Экономика» ББ аясында «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Кәсіпорын экономикасы» пәндері бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. РСПО 2009 жылдан бастап жыл сайын (жылына бір рет) өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.

Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі: 1 кезең (ЖОО) және 2 кезең (республикалық). РСПО ЖОО кезеңі бізде оқитын студенттер арасында өткізілді, нәтижесінде екі команда құрылды: «Capital» және «Экономика көшбасшылары». РСПО-ның республикалық кезеңі Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-де болды және бірінші турда студенттер олимпиада пәндері бойынша эссе бағалау нәтижелері бойынша қатысушылардың сырттай іріктеуінен өтті. Екінші тур 2023 жылдың 14 сәуірінде Астана қаласында офлайн форматта өтті. Оған республиканың 20 жоғары оқу орнынан 81 студент қатысты: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды университеті, Нархоз университеті, С. Сейфуллин ат. ҚазАТУ, Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университеті, Тұран-Астана Университеті және басқалар. 1 турдан өткен командалар офлайн қатысумен мамандық пәндері бойынша тест орындады және қолданбалы есептер шығарды. Конкурстық комиссияның шешімдері бойынша олимпиада жеңімпаздары:

3 орын – «Экономика көшбасшылары» командасы: Қуанышбекова Анель, Қайранбаева Жансая, Өтегенова Әлия, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Иляшова Гулия Кенжебекқызы, PhD Болуспаев Шалқар Аманжолұлы.

1 орын – «Capital» командасы: Бекмұратова Ұлжан, Дошмахан Гүлжайна, Есіркеп Алдияр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Ғалия Рахметқызы, э.ғ.к., доцент Андабаева Гулмира Кенжеғалиқызы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға табыстар тілейміз!