Халықтар арасындағы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту

21-сәу-23

Көрулер: 498

2023 жылдың 20 сәуірінде педагогикалық практика аясында "Менеджмент" ОБ-ның 1 курс магистранттары "Қазақстандағы Наурыз мейрамы және Жапониядағы О-Hanami сакура гүлінің мерекесі" атты халықаралық іс-шара өткізді. Кездесуге "Менеджмент" мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар онлайн форматқа қатысқан Жапонияның студенттері мен қонақтарды қазақтың салт-дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Цукуба университетінің студенттері өз кезегінде О-Hanami мерекесі туралы білімдерімен бөлісті. Бұл мереке Императорлық дәурінде пайда болған және Жапонияда көптеген ғасырлар бойы өткізіліп келе жатқан Гүлдерді тамашалау дәстүрі екен. Бүгін ол Жапонияның барлық мемлекеттік және жеке алаңдары мен бақтарында атап өтіледі.

Этно-мәдени іс-шараларды өткізу халықтар мен өңірлердің мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге ықпал етеді.Сонымен қатар, олар өңірдің туризмі мен экономикасын дамытуға, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал етеді.