«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысу туралы

19.03.2021

Көрулер: 1672

 

Бүгін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысын аяқтады. Конференция онлайн режимде 17-19 наурыз аралығында, бір уақытта, ZOOM платформасындағы 13 бөлмеде өткізілді.

 

№1 бөлмеде Экономика және бизнес жоғары мектебі, Заң факультеті және Халықаралық қатынастар факультетіне енетін «6В04 – Бизнес, басқару және құқық» мамандықтар тобы бойынша білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелері талқыланды.

 

2 күн ішінде секцияда 17 баяндама тыңдалды. Көптеген баяндамалар жоғарыда аталған мамандықтар бағыты бойынша түлектің Құзыреттілік моделінің құжаттарын әзірлеу бойынша топтық бірлескен авторлық жұмыстың нәтижесі болды. Сонымен қатар, «Менеджмент» кафедрасының э. ғ. к., профессор м. а. Г.С. Смағұлова, ЭжБЖМ аралас кафедраларының басқа авторларымен бірігіп "Оқу бағдарламасын дайындауға оқытудың нәтижелерін қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалау" баяндамасын ұсынды. «Менеджмент» кафедрасының э. ғ. к., профессор м. а. Т.С. Сокира және э. ғ. к., доцент м.а А.М. Джулаева «Оқу және бағалау деңгейлері бойынша кафедраның бағалау әдістері мен құралдарының банкін құру туралы» баяндамасында өз ұсыныстарын атап және негіздеді.

 

Біздің қонағымыз Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қ., Ресей) Ашық және қашықтықтан білім беру Институтының директоры э.ғ.к., доценті А.А. Деминмен бірге «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., доценті Ж.О. Тұмбайдың «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу кезінде студенттердің білімін бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дайындаған баяндамасы қызу талқыланды.

 

«Менеджмент» кафедрасының Ресейлік қонақтарының басқа да баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды. Оңтүстік-Орал ММ т.ғ.к., доценттері А.А. Иршин және К.М. Виноградов өздерінің «Ілгері бағалау» құзыреттіліктің немесе оның бір бөлігінің қалыптасуын тексерудің заманауи құралы ретінде» атты жалпылама баяндамаларында барлығын өз тәжірибелерімен байытты.

 

«Менеджмент» кафедрасының өкілдері 2 күн бойы секцияда спикерлер ретінде, пікірталастарда, талқылауларда, оқыту әдістемелік-практикалық тапсырмаларды орындауда, секцияның резолюциясын дайындауда баяндаушылар ретінде де қатысып, жұмыс істеді.

 

Секцияда қатысушылар білім беру бағдарламасы, тәжірибе және пән бойынша оқыту нәтижелерін бағалау матрицаларын құрды. Конференцияның негізгі міндеті – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқыту нәтижелерін тұжырымдау, қол жеткізу және бағалау теориясы мен тәжірибесі әдіснамасының негіздерін әзірлеу, аталған міндетке қол жеткізілді деп санаймыз.

 

Конференция бұрынғыдан да қызықты, әрі нәтижелі өтті. Қазір секцияның модераторларының бірі, осы секцияның жұмысын ұйымдастырушы ЭжБЖМ әдістемелік кеңесінің төрағасы, э.ғ.к, доценті Ж.Т. Қожамқұлова көптеген ұсыныстар алды.

 

Біз ҚазҰУ-дың әдістемелік жұмыс және қашықтықтан оқыту қызметінің басшылары мен ұйымдастырушыларына тамаша техникалық қызмет көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Алда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр.

 

 

«Менеджмен» кафедрасы меңгерушісінің

оқыту-әдістемелік және тәрбие

жұмысы бойынша орынбасары

э.ғ.к., профессор м.а. 

Татьяна Сергеевна Сокира