Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық мобильділік

25.12.2019

Көрулер: 1704

16-20 желтоқсан 2019 жыл аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы, PhD Жидебекқызы Ақнұр Erasmus+ оқытушылардың академиялық мобильділік бағдарламасының аясында Inholland University of Applied Sciences (Нидерланд) университетінде іссапармен болды. Іссапар барысында келесідей жұмыстар атқарылды:

1. «Кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге «Инновациялық менеджмент» пәні бойынша ағылшын тілінде дәрістер оқылды – 8 сағат;

2. «Sales training» пәні бойынша М. Спрингорум және М. Коэрс профессорлармен бірге бітіруші курстар үшін емтихан қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;

3. Erasmus Charter for Higher Education (CBHE) қағидаларын және университеттердің өзін-өзі бағалау құралдарын талқылауға арналған семинарға қатысу – 2 сағат. Семинарды халықаралық кеңсе менеджері М. Тилборг өткізді.

4. Бірінші курс студенттеріне арнап Қазақстан мен қазақстандық экономиканың құрылымы туралы презентация жасау – 2 сағат;

5. Zoom бағдарламасы арқылы брендинг бойынша білім алатын студенттердің аралық бақылауынана арналған онлайн-сессияға қатысу – 1 сағат;

6. Профессор М. Терспстра жүргізетін “Selling in English” пәні бойынша студенттердің топтық жұмысын бағалауға қатысу – 2 сағат. Практикалық сабақ flipped classroom форматында өткізілді.

Алькмар, Роттердам, Димен (Амстердам) және Хаарлем сияқты 4 кампуста өткізілген мобильділік барысында халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға бағытталған ресми кездесулер өткізілді:

- Business, Finance & Law факультетінің деканы Н. Резвани;

- Факультеттің халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі П. Хогендоорн-Швайхофер;

- Халықаралық бағдарламалар координаторы Э. Хендрикс.

Inholland University of Applied Sciences – 100-ден астам елден келген 30 мыңнан астам студент білім алатын Нидерланд еліндегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Барлық білім беру бағдарламалары тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған және Еуропаның ең үздік кәсіпорындарымен бірлесе әзірленген.