ҚазҰУ-да Түлектердің ІІ форумы өтті

25.05.2019

Көрулер: 2373

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайынғы түлектердің дәстүрлі күнін кең көлемде атап өтті. 

Кездесу «Мәңгілік Ел» аркасының жанында студенттер мен әртүрлі жылдағы түлектердің қатысуымен салтанатты түрде өтті.

ІІ Форумның іс-шараларына әртүрлі жылдардағы университеттің түлектері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қоғамдастық, бизнес-қауымдастық, Қазақстан, ТМД және алыс шетелдегі серіктес жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялар, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

 

 

 

Дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер Әл-Фараби мен Ө.А. Жолдасбековтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

II Түлектер форумының салтанатты ашылу рәсімі Студенттер сарайында болып, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Президент Қасымжомарт Тоқаевтың атынан құттықтау лебізін жеткізді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Парламент Сенаты Аппаратының басшысы Серік Сыдықов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева, заманауи ұлы гуманист Олжас Сүлейменов, ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов, ҚР БҒМ департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Astana Group» компаниясының директоры Нұрлан Смағұлов және басқа да танымал түлектер құттықтау сөздерін сөйледі.

Қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменов, Еуразия гуманитарлық университетінің ректоры Амангелді Құсайынов, ғалым және қоғам қайраткері Рахман Алшанов, «Еуразия» арнасының бас директоры Сергей Киселев, «Білімді ел» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ляззат Туркестанова ҚазҰУ-ң «Eрeң еңбегі үшін» атты медалімен мадақталды.

Түлектер күні корпоративтік рух пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Біздің барлық түлектер үшін екінші үйіміздей болған университетіміздің есіктері әрдайым ашық.

Дәстүр бойынша университеттің көркемдік топтарының гала-концертінен кейін түлектердің кездесуі Экономика және бизнес жоғары мектебінде жалғасын тапты.

 

 

 

 

ЭжБЖМ деканы Р.К. Сагиева факультеттің беделді түлектерінің құрмет тақтасын қонақтар назарына ұсынып, құрметті азаматтарымыз Шеденов У.К., Дүйсембаев Х.Ш., Жатқанбаев Е.Б. тақтаның салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Сонымен қатар, оқытушылар, студенттер мен түлектердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, түлектер студенттік жылдардағы естеліктерімен, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, кітаптарын сыйға тартты. Дөңгелек үстелдің соңында түлектер дарынды студенттерге арнап шәкіртақылар берді.

Дәстүр бойынша, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Я. Әубәкірова «Экономика» кафедрасының студенттеріне жалпы сомасы 200 000 теңгені құрайтын академик Я.А. Әубәкіровтің атындағы шәкіртақы тағайындады. «Экономика» кафедрасының түлектері кафедраға сканер сыйлады. Сондай-ақ, PhD докторы Д. Мухияева 50 000 теңге шәкіртақы, ал «Үздік оқытушы – 2018» грантының иегері Г.А. Садыханова жалпы сомасы 250 000 теңгені құрайтын шәкіртақы ұсынды.

 «Қаржы кафедрасының мерейтойлық түлектері Эндаумент фондына 200 000 теңге бөлді.

«Есеп және аудит» кафедрасының мерейтойлық түлектері кафедраға ноутбук, колонкалар, принтер сыйлап, үздік студенттерге 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы ұсынды.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының түлектері кафедраға 3 ноутбук және 3 проектор сыйға тартты. Сонымен қатар, кафедраның үздік студенттеріне 300 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады.

Мерекелік іс-шаралар барысында түлектердің кафедра оқытушыларымен кездесуі, фуршет, кофе-брейк, суретке түсу, ЭжБЖМ орталықтары мен кабинеттерін көрсету орын алды.

Түлектер күні Кітапханада өткен түлектер Балымен аяқталды.