Италияның жетекші ғалымы ҚазҰУ-да дәріс оқыды

05.05.2019

Көрулер: 1958

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шетелдік профессорларды оқытуға тарту бағдарламасы аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика кафедрасы» 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 сәуіріне дейін Падуя университетінің (Падуя қ., Италия) профессоры, PhD Дэвид Челеттиді 1-курс магистранттарына дәріс оқуға шақырды. Профессор жұмыс барысында студенттерге және оқытушыларға келесі тақырыптар бойынша дәріс оқыды: «Development, Sustainable Development», «Green Economy. Economic Models in Comparative Perspective», «Development of Innovative Business within Green Economy Frameworks», «Economic History of the Developing Countries».

Сонымен қатар, шақырылған профессор «Academic Writing», «Scientific Methodology», «Granting Proposal» сияқты өзекті тақырыптар бойынша мастер-класстар мен тренингтер өткізді.

Сондай-ақ, профессордың біздің университетімізге сапары кезінде Падуя университетімен бірлескен бағдарламалар, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.