Бегимбетов Ерғали мастер класс өткізді
Көрулер: 1969
25.02.2019 сағат 12.00-де Бегимбетов Ерғали, «AMANAT INSURANCE» Сақтандыру Компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы мастер класс өткізді.
Дәріс «Қаржы» және «Логистика» мамандықтарының 1 курс студенттеріне өткізілді. Ерғали сақтандыру компаниясын басқарудағы "soft skills"-дың маңыздылығы туралы айтып, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, студенттерге басқару модельдері, сақтандыру өнімдері мен көгілдір басқару парадигмасы, кайдзен, холакратия, түсініксіз өзгерістер, айрықша өнімдер мен көшбасшылар және агрессивті секілді басқару стратегиялары туралы дәріс тыңдау қызықты болды. Бегимбетов Ерғали студенттердің қызығушылығын тудыратын сұрақтарына жауап беріп, «AMANAT INSURANCE» Сақтандыру Компаниясы» мен «Қаржы» кафедрасы арасындағы студенттік тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін белгіледі.






