Erasmus+ ENINEDU жобасының шеңберінде "Nomad Insurance" сақтандыру компаниясының өкілімен кездесу

20.06.2018

Көрулер: 4584

19 маусым күні Erasmus+ ENINEDU жобасының шеңберінде Nomad Insurance сақтандыру компаниясының өкілі Джумабаев Тимур Маратовичпен кездесу өтті.

«НОМАД Иншуранс» СК АҚ мүлікті сақтандыру, тұлғаларды жазатайым жағдайлардан сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, жеке сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша Қазақстанның жетекші компанияларының бірі болып табылады. Компания Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы берілген ерікті және міндетті сақтандырудың жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар.

NOMAD Сақтандыру Компаниясы 2004 жылы құрылған және қазіргі таңда мұнай-газ, қаржы, көлік және байланыс, құрылыс, жылжымайтын мүлік секторларымен өндіріс және қызмет көрсету негізінде белсенді түрде жұмыс жасауда.

Кездесу барысында келесідей мәселелер талқыланды:

  1.  Erasmus+ ENINEDU жобасы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мәселелері талқыланды;
  2. Сақтандыру компаниясымен өзара әрекеттесу тәжірибесі және олардың тәжірибесін білім беру практикасында қолдану мүмкіндігі;
  3. Сақтандыру компаниясы үшін университеттермен ынтымақтастық орнату оң дәрежеде сипатталады. Сақтандыру өнімдеріне сұраныстың қарқынды өсуіне байланысты жыл сайын сақтандыру секторында жұмысшылардың тапшылығы байқалады. Осыған байланысты, жоғары оқу орындарының түлектері таңдау барысында басымдыққа ие болады;
  4. «Лидерлер дәрістері», «Мансап күні», «Бос орындар жәрмеңкесі» сияқты конференциялар, семинарлар, кездесулер және түрлі іс-шаралар шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды;
  5. Кәсіпкерлік курстар шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды;
  6. Студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  7. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауда оқу жоспарларын әзірлеуге қатысуға, магистранттар мен докторлық диссертацияларды әзірлеуге және МАК-ға қатысуына сақтандыру компаниясының өкілдерінің қатысу мүмкіндігін талқыладық;

Кездесу қорытындысы:

  1. Erasmus+ ENINEDU жобасы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы келісімге қол жеткізілді.
  2. Бірлескен ғылыми жобаларға, әсіресе  Erasmus+ ENINEDU жобасы шеңберінде қатысу мүмкіндігі талқыланды;
  3. 2018-2019 оқу жылының басында «Қаржы» мамандығы студенттеріне сақтандыру компаниясын басқарудың көшбасшылық дәрістері өткізілу жоспарланып отыр;
  4. Жоба аясында ұйымдастырылатын кездесулерге сақтандыру компаниясының өкілдерінің қатысуы туралы келісім орнады;
  5. Келесі оқу жылынан бастап сақтандыру компаниясы студенттердің белгілі бір бөлігін өндірістік тәжірибемен қамтамасыз етеді және де түлектерді жұмысқа орналастыруға өзіндік септігін тигізеді.
  6. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауға арналған оқу жоспарларын әзірлеуге, магистерлік диссертацияларды әзірлеуге және МАК-ға қатысуына сақтандыру компаниясының өкілдерінің қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.

Жалпы алғанда Nomad Insurance сақтандыру компаниясының өкілдері білім беру жүйелерін заманауи еуропалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылатын қаржы мамандарын даярлау үшін  Erasmus+ ENINEDU жобасының шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, әсіресе, Экономика және бизнес жоғары мектебімен белсенді ынтымақтасуға ниет білдірді.