Сантьяго-де-Компостела Университетінде (Испания) Erasmus+ ENINEDU жобасының шеңберінде семинар-тренинг өтті
Көрулер: 3379
Erasmus+ ENINEDU жобасының шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларына 2018 жылдың 11-22 маусым аралығында Сантьяго-де-Компостела университетінде индустриалды-университет ынтымақтастығын дамыту мен қолдау мысалдары мен жолдары бойынша семинар-тренинг жүргізілді.



Жалпы семинар-тренинг екі негізгі бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлім басқару құралдары мен заң шығару органы, сонымен қатар тиімді университет-бизнес ынтымақтастық (UBC) жүйесін құру туралы лекциялардан құрылған. Ал екінші бөлім университеттің ғылыми-зерттеу мекемелері мен бизнес-серіктестеріне арналған арнайы іс-сапарлардан құрылған.
Іс-сапар барысында семинар-тренинг қатысушылары Сантьяго де Компостела университетінің Понтеведра провинциясындағы «Ebcoro do Con» гидробиологиялық станциясы (құрлықтық су экожүйесін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығы) мен Ла-Карунья провинциясындағы «Marina da Grana» биологиялық станциясы (теңіз биология саласындағы зерттеулер мен жетістіктерді насихаттауға, оны жүзеге асыруға қолдау көрсету, және де теңіз жануарларына қатысты зерттеу нәтижелерін таратуға арналған ғылыми мекеме), INL Халықаралық Иберия Нанотехнология зертханасы, NANOGAP компаниясы мен FEIRACO кооперативінің қазіргі таңдағы экономикалық жағдайы, құрылымы, механизмдері, тәжірибелері, сонымен қатар олардың жоғары оқу орындар арасындағы байланыстары мен ынтымақтастығымен танысты.

Сантьяго де Компостела университеті жаңа технологияларды трансферлеу арқылы өздерінің жаңа білімдері мен технологияларын қоғамға кеңінен таратуда. Жаңа технологияларды трансферлеу процесі арнайы зерттеушілер мен университет, үкімет, сонымен қатар венчурлық капитал қоры сияқты көп тараптардың тығыз ынтымақтастығы негізінде жүзеге асырылған. Университет өздерінің зерттеу мекемелері арқылы өндірістік саласындағы өнеркәсіп орындармен өзара зерттеу келісім-шарттарға қол қойып, зерттеу нәтижелерін патенттеу мен лицензиялау арқылы университеттің жаңа білімдері мен технологияларын комерцияландырады. Бұл өнертапқыштар мен университеттің құқықтарын қорғай отырып, өнеркәсіп орындардың техникалық немесе технологиялық қиындықтар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өнеркәсіп орынның нарықтағы бәсекелестік қабілетін артырады.








