26 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түлектер күні» аталып өтті
Көрулер: 4017
26 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түлектер күні» аталып өтті. Бұл күні университетті әр жылдары тәмамдаған экс-студенттер бас қосты. ҚазҰУ-да маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде еліміздің элитасының қатарында. ҚазҰУ өзінің түлектерімен мақтанады. Биылғы оқу жылында ҚазҰУ-дан 5000 мыңға жуық жас түлеп шығады. Бүгінде 16 факультет бойынша кадрлар даярлайтын университет отандық және халықаралық білім кеңістігінің алдыңғы қатарында.
ҚазҰУ Түлектерінің күні ректор, академик Ғалым Мұтановтың бастамасымен 2011 жылдан бері аталып келеді. Биылғы салтанатты шарада түлектер, алдымен, ҚазҰУ қалашығындағы «Мәңгілік Ел» студенттер мен түлектердің Салатантты қақпасының алдында жиналды. Жиналған көпшілік «Тайқазан» және әл-Фараби алаңындағы «Мәңгілік Ел» субұрқақтарының ашылуына куә болды. Жылдағы дәстүр бойынша әл-Фараби ескерткіші мен академик Өмірбек Жолдасбековтің монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Салатанатты жиынның негізгі бөлімі Студенттер сарайында жалғасты. Ректор, академик Ғ.М. Мұтанов баяндама жасап, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы есеп берді.
Сондай-ақ бағдарламада Альма-Матердің жетістіктері жайында фильм көрсетілді. Алматы қаласы симфониялық оркестрінің концерті ұсынылды.
Түстен кейін түлектермен кездесу факультеттерде жалғасты. ҚазҰУ Түлектерінің күні дәстүр бойынша әл-Фараби кітапханасындағы кешкі Балмен аяқталады.








