X-шы Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданың жеңімпаздары

29.03.2018

Көрулер: 4301

2018 жылдың 29 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебі, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен«Инновациялық идея - жетістікке арналған жол» тақырыбындағы Х-шы Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданың финалдық турына «Маркетинг», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері қатысты.

Зияткерлік жарыстар – студенттердің кәсібі құзыреттерінің бірегей кластерін қалыптастырудың мүмкіндігі болып табылады. Студенттер қиын бәсекелік ортада өзінің идеяларының жасампаздығы мен маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік алды, себебі әділқазылар мүшесінде студенттердің шынайы, стандартты емес идеяларына қызығушылық танытқан жұмыс берушілер мен демеушілер – бизнес өкілдері болды. Кім біледі - мүмкін бұл идеялар болашақта үлкен масштабты қамтитын бизнеске айналуы мүмкін? Ал барлығы конкурстағы кішкентай студенттік идеядан басталған....

Бүгінгі таңда зерттеушілік қызметке қызығущылығы мен ынтасы бар жастарды табу өте маңызды. Өзінің жобасын жасап, оны жылжытуды ойлайтын белсенді жастардың дамуына өзіңіздің септігіңізді тигізу маңызды болып табылады. Осыған ұқсас конкурстарда белсенді жастарды көруге болады. Аталған конкурстардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін: мамандық бойынша студенттердің дайындық деңгейін анықтау, жүзеге асыру үшін мүмкін бизнес-идеяларды табу, білім беру мен бизнес-орта арасындағы ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізу.

Республикалық студенттік пәндік Олимпиада 2 тур бойынша өтті. Бастапқы турға «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг» мамандықтары бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Шымкент, Түркістан, Орал, Өскемен қалаларынан 58 ғылыми идея келіп түсті. Финалдық турда әр мамандық бойынша 7 топ қатысты. Қуанышқа орай, финалға өткендердің құрамында әр мамандық бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың атынан өнер көрсеткен Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттері де бар.

Конкурс дарынды студенттердің зерттеушілік қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Сол себепті жеңімпаздар болған:

«Маркетинг» мамандығы бойынша – 1-ші орын: «Отряд Х» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), 2-ші орын: «Eleven» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «Timeхакеры» (Букетов атындағы ҚарМУ), 3-ші орын:«Young Minds» (ALMAU),«Кайдзен» (М.Өтемісов атындағы БҚМУ), «Потомки Зевса» (Тұран Университеті)

 

«Менеджмент» мамандығы бойынша – 1-ші орын: «Bossу Group» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), 2-ші орын: «UNITY» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «Великие умы» (Қарағанды экономикалық университеті Казпотребсоюз), 3-ші орын:« ITM» (Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті), «Форсаж» (Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті), «Триумф» (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)

 

 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша – 1-ші орын: «Конгресс» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), 2-ші орын: «THE MILLENIALS» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «GREEN ENERGY»( Нархоз университеті), 3-ші орын:« Мансап» (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті),« Шамшырақ»( Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), «Әділет» (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті)

 

 

Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтай отырып, оларға зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістерді тілейміз!

 

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының э.ғ.к., доцент Кожамкулова Ж.Т.