ҚазҰУ студенттері "Әз-Наурыз" мейрамын тойлауды бастап кетті

20.03.2018

Көрулер: 3544

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халқымыздың сүйікті мерекесі Әз-Наурызды тойлауды бастап кетті. 20 наурыз күні «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында университет басшылығы, шетелдік студенттер мен қонақтардың қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.

 

Университетіміздің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ары қарай өзге де мерекелік іс-шараларға ұласты. Дәстүр бойынша Наурыз-көжеден дәм татып, дарынды жастардың өнеріне тәнті болған қонақтар ризалықпен тарқасты.

 

 

Наурыз – парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланатын мейрам. Ол Иранда 21 наурызда, мемлекеттік мереке ретінде Әзірбайжанда, Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз мерекесі 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының күнтізбесіне халықаралық мереке ретінде енді.