Экономика және бизнес жоғарғы мектебі факультетінде «Цифрлы экономика – стратегиясы мен жүзеге асыру механизмдері» атты дөңгелек үстел өтті

27.02.2018

Көрулер: 4059

2018 жылдың 27 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, Қаржы кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлы экономика – стратегиясы мен жүзеге асыру механизмдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар, Алматы облысының әкімдігінің мамандары қатысып, тақырып аясында өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелді Экономикалық зерттеулер орталығының директоры Саябек Тәттібекұлы ашып, жуырда қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шараларға тоқталып, Цифрлы экономиканың кілтті аспектілері бойынша жан-жақты толық мәлімет жасады. Жас ғалым PhD доктор Райгүл Досжан цифрлы экономиканың маңыздылығына тоқталса, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Е.Б. Жатканбаев, э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Қазбеков Б.К., э.ғ.к., доцент  С. Өсербайұлы, э.ғ.к., доцент А.С. Асилова, аға оқытушы А.Ж. Тұрлыбекова цифрлы Қазақстан жасаудағы негізгі кемшіліктер мен артықшылықтарды қарастырып өтті.

Аталған тақырыпқа қатысты Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, «Қаржы» мамандығының 1-курс магистранттары баяндама жасады.

Тақырып жан-жақты талқыланды, атап айтқанда, соңғы уақытта қалыптасып ке­ле жатқан цифрлық мәдениет пен блок­чейн технологияларының маңыздылығын пайымдалып, халықаралық валютаны крип­товалютада құру;  цифрлы білім беруде ақпаратты талдау дағдылары мен креативті ойлаудың дамуына екпін қойып, цифрлық экономика талаптарына сай болу; цифрлы ауыл шаруашылығының  тәжірибесі бойынша әлемдік тенденцияларға тоқталып, саладағы жаңа білім мен ғылым трансфертін тиімді іске асыру және заман талабына сай ауыл шаруашылығын цифрлы технологиялармен қамтамасыз ету; өнімділіктің өсуі үшін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру жөнінде шаралар кешенін іске асырып, онда төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін қолдану; еліміздің цифрлы туристік индустриясын дамыту үшін цифрлық платформаларды құру арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері аталып өтті.