Жаңалықтар

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері».

13.04.2018

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ ENINEDU жобасының мүшелері студенттік жобалар жарысына қатысты

12.04.2018

Конкурстың барысында Кәсіпкерлік және инновациялар орталығының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Байқауға 43 студенттік жоба қатысты. Барлық қатысушылар Erasmus + ENINEDU жобасы шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Экономика кафедрасының оқытушылары ҚР БҒМ бекіткен "Макроэкономика" курсының типтік бағдарламасына сәйкес оқу құралын шығарды

12.04.2018

Экономика кафедрасының оқытушылары Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т. және Рахматуллаева Д.Ж. жаңартылған "Макроэкономика" оқу құралын шығарды

Ары қарай оқу >>

«Квазар» жобаларды басқару бойынша онлайн студенттік олимпимдасы.

12.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес жоғары мектебінің менеджмент және маркетинг кафедрасының «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттері 2018-жылдың ақпан-сәуір айларында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы аналитикалық орталық пен Жобалық басқаруды бағалау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Квазар» жобаларды басқару бойынша жыл сайынғы онлайн студенттік олимпимдасына қатынасып бақтарын сынады. 

Ары қарай оқу >>

"Менеджмент" кафедрасының студенттері марапатталды

11.04.2018

9-11 сәуір 2018 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында 4-секцияның қатысушылары өздерінің ғылыми ізденістерін көрсетіп, Қазақстан Республикасы экономикасының сандық трансформациялануы жағдайында тиімді басқару мәселелелері мен тенденцияларын талқылады. «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Инновациялық менеджмент», «Жобаларды басқару», «Менеджмент», «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының студенттер, магистранттар және докторанттарынан 105 мақала тапсырылып, оның 57-сі тыңдалды. 

Ары қарай оқу >>

"Қаржы" кафедрасының студенттері марапатталды

11.04.2018

9-11 сәуір 2018 жылы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында 3-секцияның қатысушылары өздерінің білім деңгейін көрсетіп, «Жаңа қаржылық технологиялар: мәселелері, бағыттары, тәуекелдері» тақырыбы аясында қазіргі қаржылық технологиялар дамуының мәселелері мен болашақ даму бағыттарын талқылады.

Ары қарай оқу >>

Жаңа кітап жарық көрді.

11.04.2018

Жоғарғы оқу орындарында студенттерді мемлекеттік тілдегі оқулықтармен қамтамасыз ету күткен дәрежеде емес.   Осындай олқылықтың  орнын толтыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлық-оқытушы құрамы барынша белсенділік танытуда.

Ары қарай оқу >>