Жаңа кітап жарық көрді.

11.04.2018

Көрулер: 1857

Жоғарғы оқу орындарында студенттерді мемлекеттік тілдегі оқулықтармен қамтамасыз ету күткен дәрежеде емес.   Осындай олқылықтың  орнын толтыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлық-оқытушы құрамы барынша белсенділік танытуда.

Жақында ғана «Шығындарды басқару» атты тағы бір кітаптың  тұсауы кесіліп «Қазақ университеті» баспа үйінен жарық көрді. Шығындарды басқару – кез келген қызметтің жоғары экономикалық нәтижесіне жету құралы.

Бұл кітап жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттарына, докторанттарға, оқытушыларға, сонымен қатар басқару саласында өзінің біліктілігін көтеруді көздеген мамандарға арналған.