Іс-шаралар күнтізбесі

"Алғыс айту"

01.03.2019

Бүгін көктемнің алғашқы шуақты күнімен сәйкес келген, 1 -Наурыз "Алғыс айту" мерекесінде орай Тарих, археология және этнология факультетінің, 2 - курс ғылыми тарих мамандығының студенттері "Рахмет айта білейік!" тақырыбында пікір сайыс - дебат өткізді. Дебатқа т.ғ.д., профессор Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлы және т.ғ.к., доцент Гүлнар Бестібайқызы Қозғамбаева қатысты. Дебат барысында студенттер арасында пікір сайыс өтіп, өз ойларын ортаға салды. Студенттер ұстаздарға алғысын айтып, іс-шара туралы өз пікірін білдірді. Іс - шараны ұйымдастырушы топ эдвайзері.

Ары қарай оқу >>

«Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары»

26.02.2019

2019 ж. 26 ақпанда Институттың жылдық жоспарына сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Айтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы» гранттық жобасы бойынша «Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары» атты дөңгелек үстел жұмысы өтті. Шара барысында Тохтабаева Ш.Ж. «Этикет казахов» (Алматы, 2013. – 500 с.) еңбегін көпшілікке таныстырып, Институт ұжымына бірнеше кітабын сыйға тартты. Өз кезегінде ұйым басшысы З.Е. Қабылдинов авторды алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады. Этнограф-ғалым С.Е. Әжіғали кітапқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, автордың жемісті еңбек еткенін атап өтті. Дөңгелек үстелде жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор А. Тоқтабай бастаған бір зерттеуші-мамандар: PhD Құрманалина Н.Н., ғылыми қызметкерлер Боздақова Ш.Ә., Қарамендина М.Ө. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан арнайы шақырылған белгілі этнограф Б.К. Қалшабаева дөңгелек үстел тақырыбына қатысты баяндамаларын оқып, тұшымды ойларымен бөлісті. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, т.ғ.д. М.Қ. Қойгелдиев Өзбекстан қазақтарының киелі жерлерін зерттеу жұмыстарына орай өзінің пікірін білдіріп, ғылыми ұсыныстарын жеткізді. Іс шараға еліміздің белді ЖОО – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Институт ұжымы, жас ғалымдар – докторанттар және магистранттар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Жастар, ерлік, патриотизм»

22.02.2019

 Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Айналанды нұрландыр!» бағдарламасы аясында: «Жастар, ерлік, патриотизм»тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен өтетін танымдық-патриоттық тәрбиелік іс-шара өткізілді

Ары қарай оқу >>

«Қыр баласы»

20.02.2019

Тарих, археология және этнология ғылымдарының кандидаты, профессоры Фатима Ақынбайқызының және Филология және әлем тілдері факультеті «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары аясында  Алашорда көсемі және «Тірі болсам қазаққа кызмет етпей коймаймын», деп қазақ елі үшін  бар саналы ғұмырын арнаған Алты Алаштың Арысы Әлихан Бөкейхановқа  арналған тарихи-танымдық ғылыми-конференция.

Ары қарай оқу >>

«М.Х.Дулати дара һәм дана тұлға»

20.02.2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 105 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тұғыры биік тұлғалар»

20.02.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің филология және әлем тілдері факультеті,  Шетел филологиясы мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 102 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында  өткен " Тұғыры биік тұлғалар" атты ғылыми конференция.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ руханиятының ұлы көсемі»

20.02.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің филология және әлем тілдері факультеті,  Екі шет тілі мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 103 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында  өткен " Қазақ руханиятының ұлы көсемі " атты ғылыми конференция.

Ары қарай оқу >>

«Өркениет» үйірмесінің ғылыми семинары

20.02.2019

Тарих, археология және этнология факультеті жанындағы  «Өркениет» үйірмесінің кезекті отырысында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына ұсынылатын баяндамалар мен ғылыми мақалаларын ғылыми семинар барсында талқылау және  конференция барысында шығарылатын мақалалар жинағына ұсыну және талаптарға сәйкес рәсімдеу

Ары қарай оқу >>

«Ауған соғысының ақиқаты»

19.02.2019

Ауған соғысының ардагері, профессор Болат Сайланның және Филология және әлем тілдері факультеті «филология: қазақ тілі» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Ауған соғысының ақиқаты» атты тақырыптағы танымдық-тәрбиелік іс-шара. 

Ары қарай оқу >>