Іс-шаралар күнтізбесі

Жылулық жүректен

30.03.2019

2019 жылдың 30 наурыз күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы негізінде  тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студенттері және заң факультетінің 1 курс студенттерімен бірлесе  «Жылуылқ жүректен» атты іс шара өткізілді.  Шара  барысында студенттер облыстық №1  балалар үйінде тәрбиеленуші  балаларға күнделікті  гигиенаға қажетті заттарды сатып алып өз көмектерін көрсетті. Өткізілген шараның мақсаты  балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге өз көмектерімен қатар моральдық  тұрғыдан да  өз көмектерін көрсетуге дайын екендігін де  көрсете білді.Ұйымдастырушылар: Хасанаева Л.М,, Уразбаева А.М.

Ары қарай оқу >>

"Әз-Наурыз" мерекесі

20.03.2019

 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер қалашығының ұйымдастыруымен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының алаңында «Әз-Наурыз» мерекесі өтті.

«Әз-Наурыз» мерекесіне университет басшылығы мен студенттерқатысты. Наурыз тойын Қыдырата бата беріпашты. Жыл басы Наурыздың келуімен құттықтады.

Қалашық алаңында Наурыз тойын тойлауға үлкен-кішісі түгел жиналып, этноауылдар «Фараби ауылы», «Абай ауылы», «Жамбыл ауылы», «Шәмші ауылы», «Райымбек ауылы», «Махамбет ауылы» болып, әрбір студенттік жатақханалар бір-бірі мен ауыл-ауыл болып бірігіп, мол дастархан әзірлеп, үлкен дайындықпен келген. Ең басты тағам Наурыз көже мен ұлттық сусын шұбат, қымыран барша келген қонақтарға таратылды. Қазақтың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күн іӘз-Наурызға ҚазҰУ-да білім алатын шетелдік студенттер де ерекше дайындық пен әсемденіп, өз елінің ұлттық киімі мен ұлттық ас мәзірін арнайы дайындап әкелген. Бұл күні қазақтың ұлттық ойыны міндетті түрде ойналады. Оған дәлел «Алтыбақан» теуіп жастар мәз-мейрам болса, нағыз спорт сүйер қауым тоғызқұмалақ, шахмат пен арқантартыс, қазақшакүрес пен қолкүрестебілектіңкүшінсынғасалды. Кіртасын көтеруде палуандар өз рекордтарын жаңалауға талпынды. Сонымен қатар, алаңда мереке қонақтарына арнайы дайындалған қойылымдар мен қолөнер шеберлерінің дүниелері, кәде-сый заттарынан көрмеқатары да болды.

Мерекелік жиынға ҚазҰУ ректоры, академик Ғ,Мұтанов қатысты. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымд. профессор Б.Б.Кәрібаев, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.О.Ноянов және  «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері де қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Бұғылар жолы» атты фото көрме

14.03.2019

Тарих, археология және этнология факультетінің оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Мажарстан Бас Консулдығыныңбірлесеотырып ұйымдастырған «Бұғылар жолы» атты фото көрмесіне қатысты.

Көрмеаңшылықжәнетабиғаттықорғауменкәсібитүрдеайналысатын Одон Блауманның фото шығармашылығынаарналған.Одон Блауманның жеке көрмелері Венгрияның ірі қалалары – Будапешт, Секешфехервар, Папе, Печье, Зирценде сондай-ақ, шетелдер Германия (Дортмунд қ.), Австрияда (Зальцбург қ.) өтті. Оның жұмыстары аңшылар журналдарының мұқабасы, аңшы ақпараттық бюллетені (PIRSCH, WILD und Hund) беттерінде, түрлі күнтізбе, газет, кітаптар басылымын безендіруде пайдаланылды.

«Бұғылар жолы» көрмесі бұдан 10-15 миллион жыл бұрын Орталық Азиядан тараған ашатұяқты бұғы тәріздес жануарлар дүниесіне арналды. Бұл жануарлардың Венгрия табиғатына бейімделуі, қоршаған ортаны жерсінуі аңшылық кәсіптің өрістеуіне ықпал етті. Мажарстанда бұғы, еліктердің Еуропа аймағындағы ең үлкен тобы сақталған. Мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған аңдар осы күндері аңшылық объектісіне айналып отыр.

Көрме барысында студенттер Одон Блауманның 65 туындысы мен Венгрияның әсем табиғаты, жануарлар әлемімен таныстырылды. Салтанатты түрде ашылған көрме барысында, арнайы түсірілген қысқа метражды фильм көрсетілді. Бұл көрме Венгрия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға арналды.

Ары қарай оқу >>

Меморандум

14.03.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми байланыстарын кеңейте түсу мақсатында өзара әріптестік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.   

Кездесу барасында Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша еліміздің тарихи-мәдени ескрткіштерін қалпына келтіру мен туризмді дамыту, мамандар дайындау, ғылым мен практиканың өзара байланысы туралы мәселелер талқыланды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сауле Бөкейханқызы бастаған арнайы делегация университет кампусының инфрақұрлымымен, даму бағыттарымен танысып, университет ректоры Г. Мұтановпен, тарих, археология және этнология факультетінің ғалымдармен, студенттермен кездесті. 

Ары қарай оқу >>

Көрісу мерекесі

14.03.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Тарих, археология және этнология факультетінде 14-наурызда көрісу дәстүрі, халқымыздың ерекше мерекесі атап өтілді. Бұл мерекеге Хаджетепе университетінен (Анкара, Түркия) келген  профессор, Сейфы Иылдырымда қатысып, өзінің ерекше әсерде болғандығымен бөлісті. 

Ары қарай оқу >>

8 наурыз

08.03.2019

Тарих, археология және этнология факультетінің, «Қазақстантарихы» кафедрасыныңер азаматтары 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күнімен құттықтап, мерекелік үстел ұйымдастырды. Кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымд. профессор Б.Б.Кәрібаев, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.О.Ноянов, және тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.О.Омарбеков құттықтау сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>