Іс-шаралар күнтізбесі

«Қазақ киносы :кеше және бүгін»

10.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясының 1топ, 1-курс студенттерінің А. Ф. Қозыбакованың  жетекшілігімен,сәуір айының 10-шы жұлдызында "Қазақ киносы: кеше және бүгін" атты ғылыми конференция өтті. Шара барысын да студенттер қазақ қиносының қысқаша тариxын баяндады. Сонымен қатар Чеxия және Словакиялық студенттермен тікелей байланысқа шығып, қазақ киносының ерекшелігі мен құндылықтарын көрсетті. Келген көрермендер назарына кинолардан үзінділер көрсетілді. Бұл шара арқылы студенттер қазақ киносы туралы көптеген тың мәліметтермен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Ұлттық өнер- ұлылығымыздың белгісі»

10.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің филология және әлем тілдері факультеті, Екі шетел тілі мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 102 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында "Ұлттық өнер-ұлылығымыздың белгісі" атты ғылыми онлайн конференцияға ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығы

09.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына орай 6М-020300 ғылыми тарих магистранттар тобына, сәуір айының 9-ы сағат 13:00-де, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қаражан Қуаныш Сүлейменұлы тәрбие сабағын өткізді. Дәріс барысында Қазақ ұлттық университетінің тарихы баяндалып, факультететтің тарихында қалған ұлағатты ұстаздармен таныстыру болды.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік ғалымдарды шақырту үрдісі өз жалғасын тапты

09.04.2019

ҚРБжҒМ «Шетелдік ғалымдарды шақырту» бағдарламасына сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультетіне Хаджеттепе университетінің, Туркия, Анкара қаласынан, доцент, қауымдастырылған профессор, «Atatürk İlkeleri ve İnkılap Tarihi» институты директорының орынбасары, танымал тарихшы, Евразия тарихы мен өркениеті тарихының білікті маманы Сейфы Иылдырым арнайы шақыртумен келді. Алғашқы кездесу барысында Университет пен факультет тынысымен танысып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

12.03-09.04.2019ж. аралығында «Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы» тақырыбында дәрістер топтамасы бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімі студенттеріне оқылды. Сондай-ақ факультет пен университет ұйымдастырған ғылыми конференциялар мен семинарларға белсене қатысты. Дәрістер барысында: «Әлемдік тарихтағы түркі мемлекеттері тарихының зерттелуі», «Қазақ-түрік қатынастары ресми құжаттарының зерттелуі», «Ұлттық күрес және Ататүріктің түркі мемлекеттеріндегі бейнесі», «Қазақстанның ортағасырлық тарихының Түркия мемлекетінде зерттелуі», «ХХ ғ. басындағы жәдидизм өкілдері: түркі халықтары мысалында», «Еуразия түркі мемлекеттеріндегі мемлекеттілік мәселесінің тарихнамасы», «Ежелгі және ортағасырлардағы билік мәселесі», «Тарихи тұлғалар және қазіргі кезең», «Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар», «Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар: түрік ғалымдарының зерттеулерінде», «Ортағасырлық Еуразияның тарихи тұлғалары: тарихи деректерге шолу», «Орталық Азия дәстүрлі ислам өкілдерінің ағарту саласындағы қызметі» секілді мәселелер қозғалды.

Профессор, факультеттің студенттері мен оқытушыларына тарихи ғылымды дамытудағы жаңа үрдістерді, интерактивті түрде оқыту әдістемесі туралы тәжірибелі сабақтар өткізді. Шетелдік қонақтармен қарым-қатынас виртуалды түрде жалғасын тауып, әртүрлі бірлескен ғылыми бастамаларда көрінеді деп күтулуде.

1-ші және 2-ші курс магистранттары оқу үрдісіне ерекше белсенділікпен қатынасты: «Мен, қазіргі заман талабына сай келетін тарих ғылымы мен тарихнамасындағы жаңа әдіс, мектептері туралы, ежелгі және орта ғасырлардағы билік мәселесіне ерекше назар аударған дәрістердің өтуіне, профессорге ерекше алғысымды білдіремін», - деп 1 курс магистранты Садық Мейірбек өз ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері

08.04.2019

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері

Ары қарай оқу >>