Іс-шаралар күнтізбесі

Уақыт бізді таңдады

15.02.2019

Түркістан облысының Шымкент қаласында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай: «Уақыт бізді таңдады» атты танымдық-патриоттық  кездесу өткізілді. Бұл кездесуге Түркістан облысының Ауған соғысы ардагерлері қатысты. Іс-шара осы облыстта соғыста құрбан болған Ауған соғысы ардагерлеріне арнайы қойылған тағзым ету ескерткішінен басталды. Осы күні ардагерлер соғыстың аяқталғанына 30 жыл толуына орай құрбан болған боздақтарға арнап, құран бағыштап, артынан ауған соғысының қасіретті күндерін еске алды.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы ұстазды ұлықтаймыз»

14.02.2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 101 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен өтті

Ары қарай оқу >>

Ауған алауы жадымызда

14.02.2019

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт селосының орталық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай: «Ауған алауы жадымызда» атты танымдық-патриоттық іс-шараға кездесу өткізілді. Бұл кездесуге аудан әкімшілігі, мектеп дирекцисы және осы ауданнан Ауған соғысында болған ардагерлер қатысты. Іс-шараға қатысушыларға Ауған соғысының тарихынан дәріс оқып, бұл соғыстың қанды қасіреті туралы әңгімеленді. 

Ары қарай оқу >>

"Мұстафа Шоқай-Түркі әлемінің көсемі"

13.02.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасы, екі шетел тілі мамандығының 1 курс студенттерінің, т.ғ.д профессор Қозыбакова Ф.А ғылыми жетекшілігімен, "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында "Мұстафа Шоқай-Түркі әлемінің көсемі" атты ғылыми танымдық конфренциясы өткен болатын. 

Ары қарай оқу >>

«Түркі халқының төл перзенті»

13.02.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті

Филология және әлем тілдері факультеті,  1курс  Қазақ тілі мен әдебиеті -102 топтың, Қозабақова Фатима апайдың жетекшілігімен ұлылардың ұлы ісімен артында қалдарыған асыл мұрасын ұрпақтарға дәріптеу мақсатында өткізілген  , жастарға ой салар химеттердің авторы, сопылық поэзияның негізін салушы, даналықтың данышпаны,Түркістандық ғұлама   «Түркі халқының төл перзенті- Қожа Ахмет Яссауи»  атты ғылыми конференция.

Ары қарай оқу >>

«Жүсіп Баласағұн мұрасы»

13.02.2019

13.02.2019 ж әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ-104 тобының ұйымдастыруымен, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қозыбақова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен түркі халықтарының көрнекті өкілі, түркі мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан орта ғасырлық ақын, ойшыл Жүсіп Баласағұнның еңбектерін дәріптеп, тарихта есімі өлмес тұлғаның мұраларын ұлықтау мақсатымен «Жүсіп Баласағұн мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Ғылыми конференцияда студенттер Ж.Баласағұн ғұмырнамасына арналған ғылыми реферат қорғап, күні бүгінге дейін адамзат тарихында өшпес із қалдырған ойшылдың асыл мұраларын, ғалым атына берілген мәдени орындарымен көрермендерді таныстырып, «Мен сені көп іздедім, асыл бабам!» тақырыбында қойылым қойды. 
 Есімі әлемдік әдебиет пен мәдениетте «Құтты білік» дастаны арқылы қалған ұлы тұлғаның асыл мұраларын ардақтау мақсатында өткізілген ғылыми конференция жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

Ауғанның отты жылдары

13.02.2019

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбат селосының орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай: «Ауғанның отты жылдары» атты танымдық-патриоттық іс-шараға кездесу өткізілді.  Мектеп оқушыларына Ауған соғысының тарихынан дәріс оқылып, бұл соғыстың қанды қасіреті туралы әңгімеленді. Іс-шараның барысында патриоттық әндер шырқалып, оқушылар тағлымды әсерлер алды және өз ойларымен бөлісіп, танымдық мәні бар сұрақтар қойды.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел

12.02.2019

2019 ж. 12 ақпанда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырманы іске асыру аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобаны орындау шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жалпы әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасының Жобасын және ғалымдар қауымдастығы мақұлдаған әрі жалпыұлттық мүдделерге сай келетін, ғылыми тұрғыдан қалыптастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» тізімін  талқылау.

Дөңгелек үстелдің модераторлары ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Е.Т. Садықов пен институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Дөңгелек үстел жұмысына Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының директоры, профессор Д.Б. Әбсаттар, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры А.Қ. Бижанов, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институтының директоры Е.З. Қажыбек, ҚР ҰҒА-ның құрметті академиктері – Қ.Т. Жұмағұлов, М.Қ. Қойгелдиев, Т.О. Омарбеков, әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Тарих, археология және этнология» факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, Мемлекет тарихы институтының ғалым хатшысы А.Ж. Ғабдуллина сияқты кәсіби тарихшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ауған соғысының ақиқаты

12.02.2019

Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей Медициналық Университетіде өткізілген Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай: «Ауған соғысының ақиқаты» атты танымдық-патриоттық  кездесу өткізілді. Осы университет студенттеріне Ауған соғысына қазақстандықтардың қатысуы, бұл соғыстың қилы кезеңдері, соғыстағы адам және экномикалық-техникалық шығындар туралы айтылды. Әсіресе дәрігер мамандығында оқитын студенттер бұл кездесуде санитарлық шығындар туралы сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>