Кариев Елдос Максатович

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кариев Елдос Максатовичтің «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасының аясында зерттелудегі археологиялық ескерткіштер Еуразия халықтары тарихының дерек көзі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Жанбосинова Альбина Советовна – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.02;

Бисембаев Арман Ауганович – тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.06.

Ғылыми кеңесшілері:

Мәшімбаев Серік Мектепұлы - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Наглер Анатолий – PhD, Герман археология институтының Евроазиялық бөлімінің ғылыми қызметкері, Берлин қ., ГФР.

Қорғау 2021 жылдың 09 сәуірінде сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/86495109045?pwd=UVh5T1pZaEVaN3BaL2JiaXEzazhUdz09

Идентификатор: 864 9510 9045

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  09.03.2021