Енсебаева Гульзат Муратбековна

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Енсебаева Гульзат Муратбековнаның «Реономды материалдардың жылжымалылығы мен зақымданғандығына жүктеу режимінің әсерін модельдеу және зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Атымтаева Ляззат Бахитовна  – физика-математика ғылымдарының докторы, Сулейман Демирель атындағы университеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.04;

Бибосинов Асылхан Жанибекович – PhD докторы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D060300.

Ғылыми кеңесшілері:

Искакбаев Алибай Искакбаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, механика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Чезаре Оливьеро Росси – PhD докторы, химия және химиялық технологиялар департаментінің профессоры, Калабриа университеті, Ренде қ., Италия.

Қорғау 2021 жылдың 9 сәуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/85270926244?pwd=enArUVZyMDlXa0UwYi9NRFV3Y0phZz09

Идентификатор: 852 7092 6244

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  09.03.2021