Авчукир Хайса

6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Авчукир Хайсаның «Индийді электрхимиялық рафинирлеуді есептеу әдістерін қолдана отырып жаңғырту» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Баешов Әбдуали Баешович – химия ғылымдарының докторы, профессор, Д.В. Сокольский атындағы «Жанармай, катализ және электрохимия институтының» электрохимиялық технологиялар зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан.

Ментбаева Алмагүл Абдикалимовна - PhD докторы, Назарбаев Университетінің Инженерлік-цифрлық ғылымдар факультеті, химия және материалтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Буркитбаева Бибисара Джальмухамедовна – химия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан;

Флоранс Вакандио – PhD докторы, Экс-Марсель университетінің қауымдастырылған профессоры, Марсель қ., Франция.

Қорғау 2021 жылдың 24 наурызында сағат 14:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау онлайн режимінде өтеді. Zoom конференцияның сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/81119843997?pwd=dW04ang1U2Uvc3oxQkd5akU3UmhrZz09

Конференция идентификаторы: 811 1984 3997

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.02.2021