Григорьева Ирина Владимировна

«6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Григорьева Ирина Владимировнаның «Филологиялық пәндерді оқытудағы шындықтың тілдік тұжырымдамасының лингводидактикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Аймагамбетова Малика Муратовна – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доцент м.а., Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D020500;

Низамова Махинур Нурмухамедовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық бизнес университеті тілдік орталығының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Туманова Айнакуль Бектасовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Александр К. Киклевич – филология ғылымдарының докторы, Варминско-Мазурский университетінің профессоры, Ольштен қ., Польша.

Қорғау 2021 жылдың 18 наурызында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/89197336109?pwd=TDc0WDB2Z1prQThoMW9lZHIwUnRRZz09

Конференция идентификаторы: 891 9733 6109

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  18.02.2021