Дуйсенова София Малкайдаровна

«6D050100-Социология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Дуйсенова София Малкайдаровнаның «Қазіргі Қазақстан жастарының білім және ғылыми стратегиялары» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Аралбаева Рысжамал Кадыровна – Алматы облысы бойынша РМҚК «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті, социология ғылымдарының докторы, Талдықорған қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04.

Валитова Зульфия Хафизовна - социология ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04. 

Ғылыми кеңесшілері:

Қылышбаева Бибігүл Наурызқызы - социология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан;

Ким Миенг Су - PhD доктор, Ханьянг университетінің профессоры, Сеул қ., Корея.

Қорғау 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200-Саясаттану», «6D050100-Социология», «6D090500-Әлеуметтік жұмыс», «6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300-Психология», «6D010300-Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 14:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/88961742728?pwd=OGNlK092d2w5Y01BWE9ZekJwSmZldz09. Идентификатор  889 6174 2728

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  05.01.2021