Керімбаев Ержан Әбдрайымұлы

«6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Керімбаев Ержан Әбдрайымұлының «Қытайдың сыртқы тілдік саясаты және Қазақстанда қытай тілінің таралуы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Дәуен Динара Бақыткерейқызы – философия докторы (PhD), Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің деканы.

Шаймарданова Назигуль Жасулановна – саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитетінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Ғылыми кеңесшілері: 

Мұқаметханұлы Нәбижан – тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан;

Чжан Цзянхуа – тарих ғылымдарының докторы, Пекин Педагогикалық Университетінің профессоры, Пекин қаласы, ҚХР;

Қорғау 2021 жылдың 05 ақпанында сағат 16:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау 2021 жылғы 05 ақпанда сағат 16:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/85732731748?pwd=T21uakVTTXBXc1Z5Y0d0TEgwMWcxQT09. Идентификатор 857 3273 1748

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  04.01.2021