Балабекұлы Досжан

«6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Балабекұлы Досжанның «Қазіргі заманғы Қазақстанның ақпараттық кеңістігі: әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Масанов Еркін Жоланұлы – PhD докторы, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы – PhD докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қоғамдық  ғылымдар кафедрасының доцент м.а., Түркістан қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Алтаев Джакипбек – философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Қызылжық Абдуллах – PhD докторы, Ыстамбұл университетінің профессоры, Ыстамбұл қ., Түркия. 

Қорғау 2020 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау 2020 жылғы 19 желтоқсанда сағат 10:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/85213191720?pwd=bnhpSHRYMVlMb29FaCtzYUI4Uzlkdz09.Идентификатор 852 1319 1720

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  19.11.2020