Избастина Клара Сержанқызы

«6D061300 – Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Избастина Клара Сержанқызының «Ақтөбе облысындағы  сирек  Anthemis trotzkiana Claus ex Bunge  өсімдігінің ценопопуляциялары жағдайын ботаникалық және молекула-генетикалық әдістермен бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат. 

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна – биология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.05;

Мырзагалиева Анар Базаровна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Астана халықаралық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, профессор м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

Евгения Купчинскене биология ғылымдарының докторы, профессор, Витаутас Магнус университеті, Каунас қ., Литва.

Қорғау 2020 жылғы 13 қараша сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау 2020 жылғы 13 қарашада сағат 11:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/84480370097?pwd=NWtuSFhGSFllQnFCN1YyL3FzZk9TZz09. Идентификатор: 844 8037 0097

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Басылым күні :  09.10.2020