Сауданбекова Шынар Тұрғанбекқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарамағында ашылған «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 - Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңес «6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Сауданбекова Шынар Тұрғанбекқызының «Қазақтар мен жапондардың ғұрыптық мәдениетіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер: семиотикалық аспект» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлайды.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Әбішева Мадина Мағазқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас кеңесшісі, диссертация тақырыбы бойынша тиісті ғылыми жарияланымдары бар.
Байгабатова Назгүл Қажымұратқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының ассоциацияланған профессорының м.а., диссертация тақырыбы бойынша тиісті ғылыми жарияланымдары бар.
Ғылыми кеңесшілер: тарих ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің профессоры Камалов А.К.; София университетінің (Болгария) және Томск мемлекеттік университетінің (РФ) профессоры Христо Кафтанджиев.
Қорғау 2020 жылғы 30 қазанда сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағында ашылған «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 - Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Қорғау 2020 жылғы 30 қазан сағат 15:00-де он-лайн түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/84723974446?pwd=U1dsSHdIRE5FRlAwNC9NczZKRjBpUT09. Идентификатор 847 2397 4446
Қорғау күні 20 қараша сағат 15:00-ге ауыстырылады.
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық