Насурлла Маулен

«6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Насурлла Мауленнің «Литий мен бордың тұрақты изотоптарының кластерлік құрылымдарының дейтрондармен және гелий иондарымен әсерлесуіндегі ядролық реакциялардың шығымының қалыптастырылуына ықпалы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшынша.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Теориялық және ядролық физика» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Лебедев Игорь Александрович, ф.-м.ғ.д., «Физика-техникалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ядролық физика және радиациялық экология» зертханасының меңгерушісі Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.23;

Крякунова Ольга Николаевна, ф.-м.ғ.к., «Ионосфера Институты» Еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ядролық физика және радиациялық экология» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 04.00.22.

Ғылыми кеңесшілері:

Буртебаев Н. Т., ф.-м.ғ.д., профессор, Ядролық физика институтының «Төмен энергетикалық ядролық реакциялар» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

Сузуки Такеши, PhD, профессор, Сайтама Университеті, Сайтама қ., Жапония.

Қорғау 2020 жылғы 3 қыркүйекте сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Қорғау 2020 жылғы 3 қыркүйекте сағат 10:00-де он-лайн  түрінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/85373822824?pwd=ME5xWWZjWUkxbEl5R0lqeVpMSkdVQT09Идентификатор 853 7382 2824

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  22.06.2020