Мекебаев Нурбапа Отанович

«6D060200 – Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мекебаев Нурбапа Отановичтің «Сөйлеулерді тану есептерінде машиналық оқытуды қолданып белгілерді анықтау және өңдеу алгоритмдерін зерттеу және құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтында орындалған.

Рецензенттер:

Мансурова Мадина Есимхановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Жасанды интеллект және   Big Data» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан.

Есенбаев Жандос Аманбаевич – PhD, «National Laboratory Astana» жеке мекемесінің аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университет, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Калимолдаев Максат Нурадилович – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас директоры, Алматы қ., Қазақстан.

Анджей Смоларз – техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша.

Қорғау 2020 жылғы 30 маусымда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060200 – Информатика», «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептеу техникасы және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ақпараттық технологиялар факультеті, №213 мәжіліс залы.

Қорғау 2020 жылғы 30 маусымда сағат 14:00-де он-лайн онлайн тәртіптемесінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/89062554600?pwd=dHdyeFNHZ2NhVkdGUGtkSjY5K1hEZz09. Идентификатор 890 6255 4600

2020 жылғы 30 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 1 шілдедегі № 4-2236 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Мекебаеву Нурбапе Отановичке 6D060200 – Информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  29.05.2020