Утегенов Алмасбек Улубекович

«6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Утегенов Алмасбек Улубековичтің «Күрделі құрамды газдық разрядты плазмада алынған көміртекті наноматериалдардың синтезі мен олардың қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Умаров Фарид Фахриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.04;

Мессерле Владимир Ефремович – техника ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.14.

Ғылыми кеңесшілері:

Досболаев Мерлан Қылышұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Питер Хартманн – ғылым докторы, Вигнер атындағы физика ғылыми-зерттеу орталығы, Венгрия ғылым академиясы, Будапешт қ., Венгрия.

Қорғау 2020 жылғы 25 маусымда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (хим.ғылымдары)», «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қорғау 2020 жылғы 25 маусымда сағат 12:00-де он-лайн онлайн тәртіптемесінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/81031671250?pwd=cTdqb3Y4Yk9UbTdRU0huQU1iYVA0dz09. Идентификатор 810 3167 1250

2020 жылғы 25 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 1 шілдедегі № 4-2236 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Утегенов Алмасбек Улубековичке 6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  25.05.2020