Бектұрғанова Мақпал Сәттіқұлқызы

«6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бектұрғанова Мақпал Сәттіқұлқызының «Қазақстанның мұнай-газ секторында төменкөміртекті дамуға көшудің басымдықтары және экономикалық тетіктері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация «Ғылым ордасы» кешені базасындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында орындалған.

Рецензенттер:

Сағиева Римма Қалымбекқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессордың міндетін атқарушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 08.00.01;

Айтжанова Дина Әлбиқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 08.00.19.

Ғылыми кеңесшілері:

Есекина Бақыт Қамалбекқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан;

Петра Опиц –PhD, Неміс институтының экономикалық зерттеулер ғылыми орталығы (DIW Econ), Берлин қ., Германия.

Қорғау 2020 жылғы 18 наурызда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050600 - Экономика», «6D051300 - Әлемдік экономика», «6D051700 - Инновациялық менеджмент», «6D090900 - Логистика», «6D051800 – Жобаларды басқару», «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, №201 аудитория.

ҚР БҒМ нан 2020 жылдың 17 наурызында келген №4-19-7/1085 хаттың негізінде қорғау кейінгі мерзімге ауыстырылды.

Қорғау 2020 жылғы 27 мамырда сағат 15:00-де он-лайн онлайн тәртіптемесінде өтеді. Конференцияға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/87036617609?pwd=empkUGE5bzhJM3pOT21ISDlKbzQ4QT09. Идентификатор 870 3661 7609

 

2020 жылғы 27 мамыр диссертациялық  кеңестің шешімі, 2020          жылғы 3 маусымдағы № 4-1891 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Бектурганова Макпал Саттикуловнаға 6D050600- Экономика          мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  17.02.2020