Бурашев Ербол Досанович

«6D060700-Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бурашев Ербол Досанович «2012 жылы Қазақстан Республикасында оқшауланған жылқы тұмау вирусының өзекті штамдарының биологиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.        

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасында орындалған.      

Рецензенттер:  

Богоявленский Андрей Павлинович – биология ғылымдарының докторы, Биология ғылымдарының докторы, ЖШС «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.06;

Табынов Кайрат Казыбаевич - мамандығы 6D120000 бойынша PhD, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ветеринарлық медицина факультеті, Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының қызметкері, Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:  

Савицкая Ирина Станиславовна - биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Дэниэл Рок - PhD, профессор, Патобиология кафедрасы, Урбана-Шампейн университеті, Иллинойс, АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 10 наурызда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060700 – Биология, 6D070100 – Биотехнология, 6D061300 - Геоботаника мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, №214 мәжіліс залы.

Қорғау күні мен уақыты 2020 жылдың 13 наурыз күніне 11.00 сағатқа ауыстырылды. Қорғау өтетін орны өзгертілмейді.

2020 жылғы 13 наурыз диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 19 наурыздағы № 4-1495 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Бурашев Ербол Досановичке   6D060700 – Биология       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  05.02.2020