Әбутәліп Мүнзия

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Әбутәліп Мүнзияның «Сызықты және торлы құрылымды жаңа стимул-cезімтал полимерлердің синтезі, характеристикасы және қолданылуы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдиев Калдыбек Жамшаевич – химия ғылымдарының докторы, Химиялық және биологиялық технологиялар институты, органикалық заттар мен полимерлердің химиялық технологиясы кафедрасының профессоры;

Курманалиев Мусрепбек Курманалиевич химия ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университеті химия, химиялық технология және экология кафедрасының профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Рахметуллаева Райхан Кулымбетовна – химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлердің химиясы мен технологиясы кафедрасының аға оқытушысы.

2. Нұршат Нұраже – PhD, Техас технологиялық университетінің ассоц. профессоры, Лаббук қ., АҚШ.

Қорғау 2020 жылы 28 ақпанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: қазақша.

2020 жылғы 28 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Әбутәліп Мүнзияға 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы            мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  29.01.2020