Токтарбекова Лаура Ниязбековна
«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Токтарбекова Лаура Ниязбековнаның «Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрі: дінтанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында орындалған.
Рецензенттер:
Халықов Қабыл Заманбекұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13;
Сандыбаев Жалғас Сәдуақасұлы – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13.
Ғылыми кеңесшілері:
Сатершинов Бахытжан Менлибекович – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан.
Ачилов Дильшод – PhD докторы, Массачусетс университетінің ассистент профессоры, Дартмут қ., АҚШ.
Қорғау 2020 жылдың 29 ақпан күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр, 95А, шығыстану факультеті, № 426 аудитория.
2020 жылғы 29 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Токтарбекова Лаура Ниязбековнаға 6D020600 – Дінтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық