Алтайқызы Айкерім

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алтайқызы Айкерімнің «Постмодерн дәуіріндегі діни білім беру феномені: Қазақстан және АҚШ тәжірибесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында орындалған.

Рецензенттер:

Абеуова Шуга Курманалиевна – философия ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «090008 – Философия және техника».

Акимханов Аскар Болатбекович – PhD докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «6D021500 − Исламтану».

Ғылыми кеңесшілері:

Жандосова Шолпан Мулкимановна – PhD докторы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан.

Ачилов Дильшод – PhD докторы, Массачусетс университетінің ассистент профессоры, Дартмут қ., АҚШ.

Қорғау 2019 жылдың 29 ақпан күні сағат 10-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр көш., 95А, шығыстану факультеті, № 426 аудитория.

2020 жылғы 29 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Алтайқызы Айкерімге 6D020600 – Дінтану     мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  28.01.2020