Есжан Бану Ғазизқызы

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Есжан Бану Ғазизқызының «Мсf10A сүт безі клеткаларының энергетикалық метаболизміне Даназол препаратының молекулалық және физиологиялық әсерінің механизмдерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдрахманова Алия Жаналыковна – медицина ғылымдарының докторы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маммологиялық орталығының жетекшісі, жоғары санаттағы дәрігер. Алматы қ.,Қазақстан, мамандығы                             14.00.14 – онкология.

Оксикбаев Берикжан Кылышбекович – биология ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультеті, жаратылыстану кафедрасы меңгерушісі, Талдықорған қ., Қазақстан, мамандығы                  03.00.13 – физиология.

Ғылыми кеңесшілері:

Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

Орынбаева Зульфия Сейфуллаевна, PhD, Дрексель университетінің профессоры, Филадельфия қ., АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 15:00-де   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700-Биология», «6D070100-Биотехнология», «6D061300-Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71, биология және биотехнология факультеті, 214 аудитория.

2020 жылғы 28 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Есжан Бану Ғазизқызына 6D060700 – Биология       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  27.01.2020