Өсікбаева Сания Өмірханқызы

6D060700 – «Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Өсікбаева Сания Өмірханқызының «Табиғи полифенолдардың қалыпты және қуық асты без ісігінің митохондриалдық метаболизміне әсер ету механизмдері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биофизика және биомедицина кафедрасында (Алматы, Қазақстан) және Дрексель университеті Хирургия кафедрасы «Митохондрия патофизиологиясы» зертханасында (Филадельфия, АҚШ) орындалған.

Рецензенттер:

Нургожин Талгат Сейтжанович – профессор. медицина ғылымдарының докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ректоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 14.00.25 – фармакология, клиникалық фармакология.

Сейдахметова Зауре Жунусовна - биология ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің тағамдық биотехнология кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.13 – физиология.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

2. Орынбаева Зульфия Сейфуллаевна, PhD, Дрексель университетінің профессоры, Филадельфия қ., АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 28 ақпан сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 - Биология», «6D070100 - Биотехнология», «6D061300 - Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, 214 аудитория.

 

2020 жылғы 28 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Осикбаева Сания Омирхановнаға 6D060700 – Биология       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  27.01.2020