Кауменова Гүльнар Нүрболатқызы

6D073900 – «Мұнайхимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кауменова Гүльнар Нүрболатқызының «Метанды көмірсутектер мен синтез газына каталитикалық риформингілеу үшін жану үдерісі барысында синтез әдісімен композитті материалдарды алу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында орындалған.

Резензенттер:

Жаксибаев Мелдебек Жумабекович – химия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, химия кафедрасының доценті.

Корнаухова Наталья Алексеевна – химия ғылымдарының кандидаты, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ, мұнайды қайтаөңдеу катализаторлары зертханасының жетекші ғылымиқызметкері.

Ғылыми кеңесшілері:

Тунгатарова Светлана Александровна – химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Ксандопуло Галина Георгиевна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Демокритос ұлттық ғылымизерттеу орталығы наноғылым және нанотехнология институты, Афина қ., Греция.

Қорғау 2020 жылғы 27 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технология», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: орысша.

2020 жылғы 27 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 наурыздағы № 4-1308 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Кауменова Гүльнар Нүрболатқызына 6D073900 – Мұнайхимия      мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.01.2020