Алимжанова Айкерим Болатовна
«6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алимжанова Айкерим Болатовнаның «Мультимедиалық журналистикадағы жаңа технологиялар: генезис, ерекшелік, эстетикалық қағидалар» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Шынгысова Назгуль Турсынбаевна – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.10;
Саудбаев Мадияр Құдайбергенұлы – С. Демирел университеті, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, PhD, ассоц. профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D050400 – Журналистика.
Ғылыми кеңесшілері:
Исабек Нұрдаулет Еркінұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Еуразиялық және Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Алматы қ., Қазақстан;
Авчар Закир – PhD доктор, Хажы Байрам Вели университеті, Коммуникация факультетінің профессоры, Анкара қ., Түркия.
Қорғау 2020 жылдың 19 ақпанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология» және «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №312.
2020 жылғы 19 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Алимжанова Айкерим Болатовнаға 6D050400-журналистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық