Берденова Бакытнур Аманбаевна

6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Берденова Бакытнур Аманбаевнаның “Adsorption characterization of composite activated carbon for application in adsorption cooling systems” (Салқындату жүйелерінде қолдануға арналған композит белсендірілген көмірдің адсорбциялық сипаттамаларын зерттеу) тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетінің механика кафедрасында орындалған.

Рецензенттері:

Жапбасбаев Узак Кайрбекович – техника ғылымдарының докторы (01.04.14, жылу физикасы және теориялық жылу техникасы), профессор (01.02.05, сұйық, газ және плазма механикасы), ҚБТУ «Мұнай-газ саласындағы технологиялық процестерді математикалық моделдеу» зерхананың меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

Бекетаева Асель Орозалиевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтының аға ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.05, сұйық, газ және плазма механикасы.

Ғылыми кеңесшілері:

Калтаев Айдархан – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

Бидыут Саха – техника ғылымдарының докторы, профессор, Кюсю университеті, Фукуока қ., Жапония.

Қорғау 2020 жылғы 21 ақпанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

2020 жылғы 21 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Берденова Бакытнур Аманбаевнаға 6D060300 – Механика      мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  17.01.2020