Шабденова Айжан Базархановна

«6D050100 - Әлеуметтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шабденова Айжан Базархановнаның «Ірі қаладағы моно ата-аналы отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі (Алматы қаласының негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Калиева Алия Айбулатовна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 220004 – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер. 

Беймишева Айгуль Сейтжановна – PhD, Нархоз университетінің ассоциацияланған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.01.00 («Әлеуметтану»).

Ғылыми кеңесшілері:

Верёвкин Алексей Валентинович - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан;

Сесилия Мендживар – PhD доктор, профессор, Калифорния Университетінің әлеуметтану департаменті, Лос-Анджелес, АҚШ. 

Қорғау 2020 жылы «20» ақпанда сағат 14:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 – Әлеуметтану», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 – Психология», «6D010300 – Педагогика және психология»мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, шығыстану факультеті, № 426 мәжіліс залы.

2020 жылғы 20 ақпан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 24 ақпандағы № 4-1060 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Шабденова Айжан Базархановнаға 6D050100 – Әлеуметтану       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  16.01.2020