Жапарова Асемжан Жапарқызы

«6D020700 – Аударма ісі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жапарова Асемжан Жапарқызының «Абай поэзиясындағы метафора және оның орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары: салыстырмалы талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Алдашева Айман Мырзалықызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.02;

Сансызбаева Сандуғаш Қадыралықызы - филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.20.

Ғылыми кеңесшілері:

Дәдебаев Жанқара Дәдебайұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Анна Олдфилд – PhD доктор, профессор, Костал Каролина университеті, Конуэй қаласы, АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 29 қаңтарда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021300 – Лингвистика», «6D020900 – Шығыстану (филол.ғылымдары)», «6D021200 – Түркітану (филол.ғылымдары)», «6D020700 – Аударма ісі» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №312 мәжіліс залы.

Сайттың мекен-жайы: www.kaznu.kz;

e-mail: Lyazzat.Shaikenova@kaznu.kz

2020 жылғы 29 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 10 ақпандағы № 4-797 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Жапарова Асемжан Жапарқызына       6D020700- Аударма ісі         мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  27.12.2019