Сейтжанова Макпал Азизовна

«6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (химия ғылымдары)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сейтжанова Макпал Азизқызының «Теңіз суын тұщыландыру үшін мембраналы технологияны синтездеу және қолдану» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер: Искаков Ринат Маратұлы – х.ғ.д., доцент ҚазҰИТУ-ң оқу ісі жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.06; Шарипова Алтынай Әзірбайқызы - PhD, аға оқытушы, ҚБТУ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар».

Ғылыми кеңесшілері: Мансуров Зулхайыр Аймухаметұлы - химия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан; Роберто Ди Капуа - PhD, Неаполь Федерико II университетінің профессоры, Неаполь қ., Италия.

Қорғау 2020 жылғы 6 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (химия ғылымдары)», «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)», «6D073400 - Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия факультеті, №415 мәжіліс залы.

2020 жылғы 29 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 10 ақпандағы № 4-797 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Сейтжанова Макпал Азизовнаға    6D074000- Наноматериалдар және нанотехнологиялар                 мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  27.12.2019