Мархабаева Айымкул Алихановна

«6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мархабаева Айымкул Алихановнаның «Мырыш, вольфрам оксиді негізіндегі наноқұрылымдалған материалдарды алу және олардың қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Бейсенов Ренат Елемесович– PhD, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰЗУ металургия және өндірістік инженерия институтының «Инженерлік кафедра» меңгерушісі, Алматы қ., Казақстан, мамандығы 6D074000;

Умаров Фарид Фахриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, энергетика және мұнайгаз ісі факультеті ҚБТУ, геология және жер физика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.04.

Ғылыми кеңесшілері:

Абдуллин Хабибулла Абдуллаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

Нурхат Нуражи – PhD, Техас техникалық университетінің доценті, Лаббок қ., АҚШ.

Қорғау 2020 жылғы 30 қаңтарда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (химиялық ғылымдар)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технологиялар факультеті, №415 мәжіліс залы.

2020 жылғы 29 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 10 ақпандағы № 4-797 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Мархабаева Айымкүл Алихановнаға   6D074000- Наноматериалдар және нанотехнологиялар          мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  26.12.2019