Жетписбаев Кайратбек Уристимбекович

«6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жетписбаев Кайратбек Уристимбековичтің «Жоғарытемпературалық асқынөткізгіштің сипаттамаларына Co0,5Zn0,5Fe2O4 және Ni0,5Zn0,5Fe2O4 наноұнтақтары қоспасының әсері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университетінің «Инженерлік физика» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 05.27.01;

Мурадов Абыл Дарханұлы - физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қатты денелер және бейсызық физика кафедрасының профессоры м.а., Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 01.04.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Көмеков Серік Ешмұхаметұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, , Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Рослан Абд Шукор – ғылым докторы, Малайзия ұлттық университетінің профессоры, Куала-Лумпур қаласы, Малайзия.

Қорғау 2020 жылғы 6 ақпанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (химиялық ғылымдар)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)», «6D074000 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, №415 аудитория.

      2020 жылғы 29 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 10 ақпандағы № 4-797 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Жетписбаев Кайратбек Уристимбековичке 6D074000- Наноматериалдар және нанотехнологиялар        мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  23.12.2019