Сагинаева Айнагуль Нургалиевна

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сагинаева Айнагуль Нургалиевнаның «VІІІ-ХІІІ ғасырлардағы қоман-қыпшақтарының көрші халықтармен этно-тарихи байланыстары» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кайыркен Турсынхан Законулы – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры м.а., мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар;

Дәулетхан Әлімғазы – тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар.

Ғылыми кеңесшілері:             

Хабижанова Гульнара Болатовна – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Муалла Уйду Южел – Стамбұл университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Стамбұл қ., Түркия.

Қорғау 2020 жылғы 22 қаңтарда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, аудитория № 405.

2020 жылғы 22 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 4-414 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Сагинаева Айнагуль Нургалиевнаға    6D020300- Тарих         мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  20.12.2019