Пустовалов Игорь Анатольевич

«6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Пустовалов Игорь Анатольевичтің «Өнеркәсіптік жарылғыш қоспалардың сәйкестендірудің физикалық-химиялық негіздері және технологиялық принциптері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Приходько Николай Георгиевич – химия ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, мамандығы 01.04.07, Алматы қ., Қазақстан;

Тамбиев Петр Геннадьевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Интеррин» ЖШС ҒӨК бас директорының бірінші орынбасары, мамандығы 25.00.20, диплом ҒК № 0005725 (26.02.2011), Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Тулепов Марат Изтилеуович химия ғылымдарының кандидаты, химиялық физика және материалтану кафедрасының меңшерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Шен Руики – PhD, Нанкин университетінің ғылым және технологиялар профессоры, Нанкин қ., Қытай.

Қорғау 2020 жылғы 10 қаңтарда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (химия ғылымдары)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, №415 мәжіліс залы.

2020 жылғы 10 қаңтар диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 4-414 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Пустовалов Игорь Анатольевичке 6D073400- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы       мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  09.12.2019